Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Қорғалжын көлдерінің ихтиофаунасы

Қорықтың ихтиофаунасы 15 түрден тұрады. Көлдерде шортан, тортан, аққайран сияқты балықтар жиі кездеседі. Ал онтақ, күміс мөңке, алтын мөңке және алабұға саны жыл сайын өзгеріп отырады.
Тұқы мен табан сияқты жерсіндірілген түрлер қорық көлдеріне жақсы бейімделіп, кей жылдары өте көп тарады. Бұрын сирек кездесетін көксерке соңғы жылдары жиі кездеседі.
Нұра өзенінде, Қызыл мешіт кордоны маңында нәлім де бар.

Scroll to Top