Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Қазақстандағы биосфералық резерваттар: ұлттық кеңес беру кездесуі өтті

2025 жылдың 10–11 қарашасында Алматы қаласында ЮНЕСКО ұйымдастырған «Қазақстандағы биосфералық резерваттар бойынша ұлттық кеңес беру кездесуі: “Ханчжоу” Стратегиялық іс-қимыл жоспарын іске асыруға бағытталған қадамдар» атты іс-шара өтті.
 
Кездесудің негізгі мақсаты — Қазақстандағы биосфералық резерваттардың тиімді басқару жүйесін жетілдіру, халықаралық талаптарға сәйкес жұмысын үйлестіру, сондай-ақ резерваттар арасындағы ғылыми ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды күшейту болды.
 
Іс-шараға ұлттық және халықаралық деңгейдегі сарапшылар қатысты. Олардың ішінде:
•Роман Яшенко, Қазақстанның MAB Ұлттық комитетінің төрағасы;
•Елена Осипова, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің Жаратылыстану ғылымдары бөлімінің бағдарламалық маманы.
 
Кездесуге сонымен қатар Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Г.А. Абдыкенова қатысты.
Scroll to Top