Мемлекеттік инспектордың жұмысы бұл табиғатты күнделікті қорғау.
Олар күн сайын табиғаттағы барлық өзгерістерді байқап, фенологиялық құбылыстарды тіркейді: құстардың келуі, өсімдіктердің гүлденуі, маусымның ауысуы. Сонымен бірге күнделікті табиғи құбылыстарды бақылап отырады.
Инспектордың тағы бір маңызды міндеті – аумақтағы тәртіпті сақтау. Олар аумақты аралап, заңсыз аңшылықтың алдын алып, келушілердің қауіпсіздігі мен табиғаттың тазалығын қадағалайды.
Бұл жұмыс көп еңбекті талап етеді, бірақ табиғатты қорғау жолындағы ең маңызды қызметтердің бірі.
