Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылыми зерттеулер мен биоалуантүрлілікті мониторинг жүргізу – қорық қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Бұл жұмыстар ғылыми бөлімге жүктелген. Қорғалжын қорығының басты мақсаты – өңірдегі экожүйелердің табиғи күйін сақтау. Тиісінше, ғылыми бөлімнің мақсаты – тиімді табиғатты қорғау қызметінің ғылыми негіздерін әзірлеу.

Ғылыми бөлімнің басты міндеттері:

  1. Экожүйелердің жағдайы туралы ғылыми деректер жинау;
  2. Экожүйелерде болып жатқан өзгерістерді бақылау және уақтылы анықтау.

Маңызды міндет – организмдердің биологиясын, олардың популяцияларында және экожүйеде болып жатқан үдерістерді зерттеу. Мұндай ғылыми деректер мекен ету ортасының өзгеруіне байланысты экожүйеге қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеулердің негізінде экожүйелердің табиғи жағдайға жақын күйін сақтауға қатысты ұсынымдар беріледі. Барлық деректер 1974 жылдан бастап арнайы есеп – Табиғат шежіресіне тіркеліп отырады.

Сонымен қатар сирек кездесетін, қорғалатын және аса осал флора мен фауна түрлерін зерттеуге де назар аударылады. Табиғатта болып жатқан өзгерістерді анықтау үшін ғылыми қызметкерлер экожүйелердің негізгі компоненттерінің жай-күйін жүйелі түрде тіркейді – яғни, мониторинг жүргізеді. Ғылыми бөлімнің қызметкерлері көктемгі және күзгі кезеңдерде қоныс аударатын құстарға, жазғы және қысқы мезгілдерде сүтқоректілерге жыл сайын есеп жүргізеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысы ҚЛХЖМ бекіткен және ҚР БҒМ-мен келісілген (№11/16-7, 2021 ж. 9 қыркүйек) 2021–2025 жылдарға арналған ғылыми зерттеулер жоспары бойынша жүргізіледі. 2026 жылға дейінгі ғылыми зерттеулердің перспективалық тақырыптық жоспарына сәйкес қорық аумағында 6 ғылыми тақырып бойынша жұмыстар жүргізілуде:

  1. «Қорғалжын МТҚ-ның негізгі балық түрлерінің экологиясы (биологиясы, саны)»
  2. «Қорғалжын-Теңіз өңірінің дала экожүйелеріндегі дендрофильді торғайтәрізді құстардың экологиясы»
  3. «Қорғалжын қорығының сүтқоректілері және олардың сандық динамикасына әсер ететін факторларды анықтау»
  4. «Қорғалжын қорығының жартылай қаттықанаттылары»
  5. «Қорғалжын қорығының жаңа аумағындағы өсімдік жамылғысының қалпына келуін мониторингтеу»
  6. «Табиғат шежіресі»

Бекітілген штаттық кестеге сәйкес ғылыми бөлімде бөлім басшысын қосқанда 5 ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Әр қызметкерге жеке ғылыми-зерттеу тақырыптары бекітілген.

Бөлімде далалық жұмыстар жүргізуге барлық жағдай жасалған. Ғылыми зерттеулер тақырыптары бойынша жұмыс істеу үшін бекітілген іссапар кестесіне сәйкес ғылыми бөлім қызметкерлеріне ЖЖМ, автокөлік, мотоцикл көлігі бөлінеді. «Қаражар» кордонында ғылыми қызметкерлерге арналған үй бар.

Көктем мезгілінде жыл сайын «Охотзоопром» ӨПО және «АСБК» ЖШС-мен бірлесіп, қорық пен оған шекаралас аумақтарда ақбөкен, қабан және су құстарын әуе арқылы есепке алу жүргізіледі.

Ғылыми бөлім қызметкерлері есепке алу учаскелерінде су құстарының саны мен олардың шоғырланған аумақтарын анықтау жұмыстарын жүргізеді.

2014 жылдан бастап ГЭФ/БҰҰДБ жобасы аясында Қазақстанның биоалуантүрлілігін мониторингтеу ақпараттық жүйесі құрылған және жұмыс істеп келеді. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы – осы жүйе бойынша деректер жинап, енгізіп отырған 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақтың бірі.

Бекітілген мониторинг ақпараты кестесіне сәйкес, мемлекеттік инспекторлар мен ғылыми қызметкерлер ерекше қорғалатын табиғи аумақ шекарасындағы маршруттар мен учаскелерде есепке алу жұмыстарын жүргізеді.

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 41 мониторингтік алаң бар, олардың 14-і жерүсті және 27-сі су экожүйелері бойынша.

Қорық аумағында орналасқан «Қаражар» кордонында автоматтандырылған гидрометеорологиялық станция жұмыс істейді. Бұл станция өңірдегі гидрологиялық және метеорологиялық жағдай туралы күн сайын ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Ай сайын «Қарағанды гидрометеорология орталығының» мамандары ғылыми бөлім қызметкерлерімен бірлесіп, қорық аумағындағы барлық су айдындарынан химиялық заттардың ШРК-сын (шекті рұқсат етілген концентрация) анықтау мақсатында су сынамаларын алады. Маусым соңында зерттеу нәтижелері есеп түрінде ғылыми бөлімге ұсынылады.

2014 жылдан бастап ГЭФ/БҰҰДБ жобасы аясында құрылған Қазақстанның биоалуантүрлілігін мониторингтеу ақпараттық жүйесі (ҚБМЖ) жұмыс істеуде. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы – мониторинг бойынша деректерді жинап, енгізіп отырған төрт ерекше қорғалатын табиғи аумақтың бірі.

Бекітілген ақпарат беру кестесіне сәйкес мемлекеттік инспекторлар мен ғылыми қызметкерлер ООПТ аумағындағы маршруттар мен учаскелерде есепке алу жұмыстарын жүргізеді.

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында 41 мониторингтік алаң бар, олардың 14-і жерүсті және 27-сі су экожүйелері бойынша.

Ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері ғылыми басылымдар мен есептерде жарияланады.

 

 Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің инспекторлары қорық аумағында жыл сайынғы жоспарлы мониторинг аясында кешенді далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында аквальды өсімдіктердің жағдайы туралы өзекті деректер тіркеліп, қоныс аударатын құстарға есеп жүргізілді.

 14 қазан күні Алматы қаласында «Жаһандық көшу жолдары, Орталық Азия көшу жолының жаңа бастамасы және тіршілік ортасын сақтау» атты конференция өтті.

Іс-шараға Германияның Бас консулы Матиас Кислер, АСБК ғылыми директоры Сергей Скляренко, Ханс Зайдель қорының жоба жетекшісі Лара Бир, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының өкілдері қатысты.

Конференцияда «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығын» ғылым бөлімінің жетекшісі Артём Янушевский таныстырды. Ол «Теңіз–Қорғалжын аймағы — Орталық Азиядағы құстар көші жолындағы маңызды бөлік» тақырыбында баяндама жасап, аймақ құстарының қазіргі жағдайына талдау ұсынды.

Бұл шара Орталық Азия көші жолы аясында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтудағы маңызды қадам болды. Конференция қорытындысында құстарды есепке алу, сақиналау, GPS-бақылау және мамандар тағылымдамасы бағыттарында бірлескен жұмыс негізі қаланды.

Іс-шара соңында қатысушылар Шарын және Алтынемел ұлттық парктеріне экскурсия жасап, еліміздің ерекше табиғатымен танысты.

Scroll to Top