2025 жылғы 30 желтоқсан күні таңертең қорықтың табиғи кешендерді қорғау бөліміне Қорғалжын ауданының ТЖД-нан қорық аумағындағы көлде балықшының адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Мемлекеттік табиғи қорықтың мемлекеттік инспекторларының күшімен бір сағаттың ішінде адам табылып, жағаға жеткізілді. Қорық қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында балықшының өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнген жоқ.
