Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

«Фламинго – 2025» шығармашылық фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

14 қараша күні «Қорғалжын МТҚ» РММ Қорғалжын ауданының оқушылары арасында өткен «Фламинго – 2025» шығармашылық фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Шара барысында жас өнерпаздар сурет салу, мүсіндеу және қол өнері бағыттарында дайындаған өздерінің ерекше жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Әр туынды жас шеберлердің қиялы мен еңбегін айқын көрсетті.
Байқауда үздік деп танылған қатысушылар I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар барлық қатысушылардың еңбегін бағалау мақсатында оларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Scroll to Top